Даналық әлемі
Ақын, ағартушы, ойшыл, аудармашы Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай кітапханада «Даналық әлемі» тақырыбында әдеби жәрмеңке ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік мәнін жастарға түсіндіру, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық әдебиетке деген құрметін қалыптастыру;
Әдеби жәрмеңкеге 06708 әскери бөлімінің сарбаздары қатысып, Абай шығармашылығына арналған тағылымды шараның куәсі болды. Іс-шара барысында қатысушыларға ақынның өмір жолы, шығармашылық мұрасы, философиялық ой-толғамдары туралы ақпарат беріліп, оның өлеңдері мен қара сөздерінің маңызы кеңінен таныстырылды.Сонымен қатар, кітапхана қорындағы Абай Құнанбайұлының шығармалары мен ол туралы зерттеу еңбектері топтастырылған «Даналық әлемі» атты кітап көрмесі таныстырылды. Көрмеге ақынның өлеңдер жинақтары, қара сөздері, аудармалары және Абай мұрасын зерттеген әдеби-танымдық басылымдар қойылды.