«Әлем таныған Ұлы Абай»
2020 жылдың 29 қаңтар күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің кітапханашыларының ұйымдастыруымен Абайдың 175 жылдығы аясында, оның шығармаларын насихаттау мақсатында 44841 әскери бөлімінің жеке құрамы қызметкерлері арасында «Әлем таныған Ұлы Абай» атты жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 9 қаңтарында жариялаған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына ақпараттық шолу жасалды.