Алтын Орда

2025 жылдың 14 мамырда балалар кітапханасында Алтын Орданың

755 жылдығына орай «Алтын Орда» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Алтын Орда-Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы мемлекеттердің бірі екенін таныстыру; Алтын Орда мемлекетінің құрылуын,саяси экономикалық даму ерекшеліктерін түсіндіру; ел тарихын насихаттап,болашақ жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру:

       Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі. Оның құрамына бір – бірінен қоғамдық – экономикалық даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт – дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді.

     Шара барысында оқырмандарға Алтын Орда тарихы туралы мағлұматтар беріліп, «Алтын Орда» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды