«Астана-болашақтың қаласы»

2018 жылдың 11 маусым  күні  Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде  «Астана-болашақтың қаласы» атты ақпараттық сағат өтті.  Іс-шараға №2 мектептің оқушылары қатысты.

Мақсаты:  Балаларға еліміздің бас қаласы –Астана туралы мәлімет беру. Отанға туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

Астана – Қазақ елі болашағының каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған кұбылыс

Ақпараттық  сағат барысында кітапханашы Ж.Досмуратова оқушыларға Астана қаласы туралы айтып  өтті. Оқушылармен ойын ойнатылып, сөзжұмбақтар шешіліп, видеоролик пен презентация көрсетілді
«Асатана-болашақтың қаласы»  атты кітап көрмелері оқырмандардың назарларына ұсынылды.

IMG-20180607-WA0001 IMG-20180607-WA0002 IMG-20180607-WA0003 IMG-20180607-WA0004 IMG-20180607-WA0005