Ел жүрегі-Астана

2018 жылдың 3 шілде  күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде Астана күніне орай «Ел жүрегі-Астана» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қаладағы жастар ресурстық орталығының «Жасыл Ел» жасақтары қатысты.

Мақсаты:  Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.

Астана – Қазақ елі болашағының каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған кұбылыс. Ғасырлар бойғы бабалар арманын іске асырып, бас-аяғы төрт-бес жыл да Астана салған мемлекет тарихта болған емес.  Әсем қала мерейтойы ерлігі де, өрлігі де ұрпаққа өнеге болып жалғасқан қасиетті қазақ жерінің шежіресін паш етер, көңілі дархан,жаны жомарт қазақ елінің ұлылығын ұлықтайтын асқақта, айбынды ажарлы Астананың қазақ елі монументы. Іс- шара соңында оқырмандар назарына «Астана- Қазақстан тәуелсіздігінің символы»  атты кітап көрмесі  ұсынылды.

WhatsApp Image 2018-06-29 at 09.53.11 WhatsApp Image 2018-06-29 at 09.53.17 WhatsApp Image 2018-06-29 at 09.53.17(1)