«Жаса, жайна ару қалам-Нұр – Султан»

2019 жылдың 10 маусым күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11 сынып оқушыларының қатысуымен  еліміздің  астанасы Нұр-Сұлтан қаласының 21 жылдығына орай «Жаса, жайна ару қалам – Нұр-Сұлтан» тақырыбында ақпараттық сағаты өткізілді.

Мақсаты: оқушыларды Нұр-Сұлтан қаласының символы, астананы ауыстыру туралы ҚР президентінің жарлығы, оның мәртебесі туралы ҚР Заңы, Нұр-Сұлтан қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен таныстыру.

 Іс-шара барысында оқушыларға  «Нұр-Сұлтан» қаласының тарихы, 21  жыл ішінде жеткен жетістіктері, қаланың саяси-экономикалық дамуы,ондағы зәулім құрылыс нысандары, т.б. туралы соңғы ақпараттар берілді.        Оқырмандар назарына «Нұр-Сұлтан – әсем қала» презентация көрсетілді.

 DSC_0004 DSC_0014 DSC_0022