Жұлдызды қала – Астана

«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде еліміздің бас қаласы Астанамыздың туған күні құрметіне орай «Жұлдызды қала-Астана» атты танымдық көрме ұйымдастырылып, оқушылар қиялынан туған шығармашылық жұмыстар оқырмандар назарына ұсынылды. Аталмыш шара қаламыздағы №2 мектеп және «Достық» шығармашылық орталығы жанынан құрылған лагерь оқушыларының қатысуымен өтті.

Мақсаты: Оқушылар бойында патриоттық сезімді қалыыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, Астана жайында мағлұмат беру. Астананың көрікті, әсем жерлерімен таныстыру.

Көрмені тамашалаған оқырман оқушылар Астана туралы білімдерін толықтырып, демалыс кездерінде сапарлап барған көрікті орындарын естеріне түсірді. Бас қаламыз айындағы жүрек тебіреністерімен бөлісті. Көрме айналасында өздерінің  шығармашылық жұмыстарымен бірге естелікке суретке түсті.

Астана – қазақ елінің мақтанышы, болашақтың қаласы.  Көк туын көкке желбіреткен тәуелсіз қазақ елінің биік шаңырағы. Жаңа Астанамыздың құрылысы-жас мемлекетіміздің жасампаздыққа ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс.

Астана күнімен барша қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймын. Ұлттар достығы жарасымын тапқан елі иииміздің керегесі кеңейіп, шаңыраңы биіктей берсін.

20180607_103047 20180607_105601 20180621_100433 20180621_104048 20180621_105421 20180621_105555 20180628_110444