«Нұр-Сұлтан болашақтың қаласы» танымдық сағат

2 шілде – Нұр-Сұлтан күніне орай, «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Нұр-Сұлтан болашақтың қаласы» атты танымдық сағат өткізілді. Аталған іс-шара қаламыздың №2 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Мақсаты: оқушыларды әсем қаламыз Нұр-Сұлтанмен таныстыру. Елорда туралы білімдерін толықтыру. Еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту. Туған жерін сүйе білуге, Отанымызды өркендетуге білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу. Іс-шара барысында А.Ешжанова Нұр-Сұлтан туралы толық мәлімет беріп, оқушылар арасынан қойылған сұрақтарға жауып берді.  

Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі Астанамыз асқақтай берсін!