Ағартушы ұстаздың өмір жолы
2021 жылдың 2 қараша күні қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында, балалар бөлімі «Ағартушы ұстаздың өмір жолы» атты тәрбие сағатын өткізді.
Аталған іс-шараның мақсаты: оқушыларға қазақтың ірі ғалымы, ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мәлімет беріп, білім қалыптастыру.