Академик Зиманов-ғалым, азамат және ғылым абызы
2021 жылдың 2 сәуір күні қалалық кітапхананың оқу бөлімінде заң ғылымдарының докторы, профессор, қоғам және мемлекет қайраткері Салық Зимановтың 100 жылдығына арналған «Академик Зиманов-ғалым, азамат және ғылым абызы» атты ақпараттық сағат өтті. Іс-шара мақсаты: ұлағатты ұстаздың сан қырлы, ауыртпалығы мен қызығы мол өмірі мен шығармашылығын жас ұрпақты тәрбиелеу үшін үлгі етіп, насихаттау, руxани-мәдени тәрбие беру.
Кітапханашы С.Зимановтың ғылыми еңбек жазып, заң ғылымдарының өркендеуіне сүбелі үлес қосқаны жайында баяндады. Іс-шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, С. Зимановтың өмірі мен шығармашылығы, оның ғылыми еңбектері, ғалымдардың мақалалары туралы материалдар ұсынылды.