Қарттарым-асыл қазынам

2021 жылдың 1 қазанында «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым-асыл қазынам» атты мерекелік кеш өткізілді. Мақсаты: Көпті көрген дана-гөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата - баба аманатына адал, ұлттық тәлім - тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу.

      Аталған іс-шарада «Сырлас» клубының мүшелері және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Іс-шара барысында оқу бөлімінің кітапханашысы А.Ешжанова әжелерді бүгінгі мерекелерімен шын жүректен құттықтап, әдемі тілектерін жолдады. Балалар қонақтарымыздың алдында тақпақ, өлендерін айтып үлкендерге құрметтерін білдірді.

 

11 13

15