«Қасиетті киелі-қазақтың қара домбырасы» музыкалық сағат

Ұлттық домбыра күнінеорай, «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Қасиетті киелі-қазақтың қара домбырасы» музыкалық сағат өткізілді. Аталған іс-шара қаламыздың №2 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың ой ұшқырлығын шыңдап, ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызғушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру. Домбырадан – таралған тәрбие – білімнің қайнаған бұлағына, сарқылмас қазына, қазақ тіліне өз үлесін қосып келе жатқан үрдіске бағыттау.

Қадыр Мырза Әлі ағамыз «Нағыз қазақ қа­зақ емес, Нағыз қазақ – домбыра!» деп тегін айт­паған ғой. Шынын айтқанда, қазақты қазақ етіп отырған да домбыра. Ал сондай ұлттық құндылығымыз – домбырамызды қастерлеу біздің басты парызымыз.

1