Айбары асқақ-Ата Заң

        2021 жылдың  27 тамызында  «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында  ҚР Конституция  күніне орай  «Айбары асқақ-Ата Заң» атты дөңгелек үстел өтті.  Мақсаты: ҚР конституциясының тарихына шолу жасау,маңызы мен мәнін айшықтау. Оқырмандарды Ата Заңымызды құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу ;

       Кітапханашы А.Ешжанова  оқырмандарды еліміздің Конституциясының қалыптасу тарихымен, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімен таныстырды. Дөңгелек үстел басындағы кездесуде көп сұрақтар талқыланып, қорытындысында Ата Заңымыз біздің мемлекетіміз бен оның азаматтарына мінсіз қызмет етіп келетініне сенім білдірді.

 

3 4 5 6 8 9 11