Ақын трагедиясы
Наурыздың 14 күні кітапхананың оқу бөлімінде «Парасат жолы» бұрышында ақын, әнші және сазгер Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Ақын трагедиясы» атты әдеби кеш өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың Ақан сері Қорамсаұлы шығармашылығы туралы ойларын тереңдету, шығармаларын сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету, өлеңдерінің шығу тарихын, кейіпкерлер бейнесін талдап, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін айқындату. Шара барысында кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, Ақан сері Қорамсаұлының әнші, композитор екендігін айтылды. Оқырмандарды ақынның «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Тер қатқан», «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет», «Майда қоңыр», «Маңмаңгер», «Қараторғай», «Көкжендет», «Құлагер» т.б. атты сазгерлердің көңілінен шыққан шығармаларымен танысты. Ақан сері- өзіне-өзі мәңгі жоғалмас ескерткіш соққан ұлы ақын, әнші, халқымның сал-серілік салтының озығын өзінің бөлек болмысымен биікке көтерген асқақ тұлға екендігі айтылды.