Ақында сыр болмайды айтылмаған

2023 жылдың 7 наурыз күні қазақ ақыны, сыншы, аудармашы, сықақшы Жарасқан Әбдіраштың туғанына 75 жыл толуына орай «Парасат жолы» бұрышында №1 мектеп оқушыларының қатысуымен «Ақында сыр болмайды айтылмаған» атты әдеби кеш өткізілді.

Мақсаты: Жарасқан Әбдіраш жайлы толық мағлұмат ала отырып, өлеңді түсініп, мәнерлеп оқыту. Өлең мазмұнын әңгімелеп айту дағдыларын дамыту. Патриоттық сезімдерін оята отырып, өз туған жерін, елін сүюге, табиғатын қорғауға тәрбиелеу. Кеш барысында кітапханашы ақынның жарық көрген туындылары, өмірі мен шығармашылығы жайында баяндама оқып, кітап көрмесімен таныстырды. Дарынды ақын Жарасқан Әбдіраштың жыр маржаны да өз маңызын жоймайтын, ғажайып сырға толы туындылар болып қала бермек.