Ақынның өмірі-мәңгілік

2022 жылдың 8 наурыз күні ақын Төлеген Айбергеновтің туғанына 85 жыл толуына орай «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Ақынның өмірі-мәңгілік» еске алу кеші өткізілді. Кештің мақсаты: қазақ халқының рухани мәдениетінің ірі тұлғаларының бірі Төлеген Айбергеновтің өмір жолы мен асыл мұраларын оқырман қауымға таныстыру арқылы жас ұрпақты өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие негіздерін қалыптастыру.

Мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілген іс-шарада кітапханашы И.Талханбаева ақынның балалық шағы, өмірі мен шығармашылық жолы, еңбектері туралы ақпарат беріп, арнайы дайындалған кітап көрмесімен таныстырып өтті.

 

130 128 126 125