Қазақ музыкасының ғұламасы

2021 жылдың  29 сәуір күні «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында Қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор,  дирижер,  Қазақстанның  халық  әртісі Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 115 жыл толуына орай «Қазақ музыкасының ғұламасы» атты музыкалық сағат өтті.

       Аталған іс-шараның мақсаты: А.Жұбановтың өмірі мен шығармашылығын келешек жас ұрпаққа дәріптеу, музыкатану  ғылымында баға жетпес еңбектерімен таныстыру. Оқу бөлімінің  кітапханашысы  академик тұлғасы мен шығармашылығы туралы айтып өтті. Кітапхананың кітап қорынан «Халық мұрасының жанашыры»  атты  кітап  көрмесі ұйымдастырылды.

7