Азаттықты аңсаған Алаш
2022 жылдың 8 желтоқсан күні «Парасат жолы» бұрышында Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш үкіметінің құрылғанына 105 жыл толуына орай «Азаттықты аңсаған Алаш» тақырыбында тарихи сағат өткізілді. Іс-шараға қаламыздағы № 44841 әскери бөлімнің сарбаздары қатысты.
Мақсаты: қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Кітапханашы И.Талханбаева Алаш партиясы, Алаш зиялылары туралы айтып өтті. Кітап көрмесі таныстырылды.