Қазақтың қанатты қызы

2022 жылдың 13 мамыр күні «Адалдық алаңы» жобасы «Парасат» жолы» бұрышында  қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, ҚР Халық қаһарманы Хиуаз Қайырқызы Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай кітапханада «Қазақтың қанатты қызы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.

       Мақсаты: Ұлы Отан соғысы кезінде өшпес ерліктің үлгісін көрсеткен қазақтың тұңғыш әскери ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың ерлік тұлғасын бүгінгі ұрпаққа кеңінен таныту, насихаттау; оның халық алдындағы еңбегін бағалау; өнегеге толы өмірін үлгі ету. Іс-шараға Приозерск гарнизонының Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы Т.Кенжебеков, тәжік-ауған шекарасындағы қарулы қақтығысқа қатысушы ардагер Қ.Дулатов, Приозерск гарнизоны 44841 әскери бөлімінің мерзімдік қызмет әскери қызметшілері, 06708 әскери бөлімі «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері  қатысты. Іс шарада кітапханашы аты аңызға айналған ұшқыштардың бірі – Хиуаз Доспанова  туралы кең тұрғыда ақпарат беріп өтті. Шара соңында бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесімен таныстырылды. Хиуаз апамыздың есімі, батырлығы халық есінде мәңгі сақталады.

3 4 5 6 7 8 9