Діни экстремизмге жол жоқ!.

2021 жылдың 15 сәуір күні «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында діни экстремизм мен терроризмге қарсы күреске орай «Діни экстремизмге жол жоқ!» тақырыбында пікірталас өткізілді.

Мақсаты: Қазіргі әлемдегі діни экстремизм мен терроризм, оны болдырмаудың қажеттілігі, діни төзімділік пен ұлтаралық келісімді сақтау мәселелері, қазіргі таңдағы ислам дініне жат ағымдар, олардың қазақ халқының діни танымын әсері жөнінде мағлұмат беру. Осы іс-шараға Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі орталығының маманы Сейтқали Әбдіқадір Давидұлы қатысып, кітапхана қызметкерлеріне экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беріп, ҚР-нің лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беріп өтті. Қоғамның ең әлсіз тұсы дін, жастарымыздың дін туралы сауаттылығы нашарынан ба, әлде бір себеппен ба, секталарға кіру себебі, қазіргі уақытта қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселесі осы жайында пікірталас өтті. Пікірталас соңында сұрақтар қойылып қазіргі кездегі салт - дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай - ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесіп, дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастырды.

 

172614562_922462385196531_3543902872194833904_n 172715312_476888720175549_3041545887099561079_n 172954396_451387969465392_8859235545375798693_n 172985751_177241224137515_7981667008902257438_n 173136032_382756009452909_6493098368062672892_n 173269334_1372896416560672_3497886702574613289_n 173828759_279717817146226_916737966770663821_n