Елбасы еңселеткен-Елорда

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні. Қазақ халқы үшін еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны бөлек. Осы мерекеге орай, «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Елбасы еңселеткен-Елорда» тақырыбында кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар арасында танымдық сағат өткізілді.

     Аталған іс-шара мақсаты: оқырман қауымға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен жүргізген саясатын, іскерлік қабілетін кеңінен насихаттау. Жас оқырмандарға Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету. Өз Отанын, халқын, елі мен жерін сүйетін азамат болып өсуге тәрбиелеу. Кітапханашы қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беріп өтті. Кітап көрмесі ұйымдастырылды.

18 19 23