Көркем сөздің жұлдызы

2022 жылдың 15 сәуір күні кітапхананың оқу бөлімінде «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Көркем сөздің жұлдызы» тақырыбында әдеби сағат өткізілді.

Мақсаты: Сафуан Шаймерденовтің мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымын, ұлттық ой – санасының қалыптасуына ықпал ету. №2 мектептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен өткен іс-шарада кітапханашы Д.Төлбасы оқушыларды жазушының өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында кітап көрмесімен таныстырып, кең көлемде мағлұмат беріп өтті

 

12 11 9 8 7 6