Күш атасы - Қажымұқан

2021 жылдың 6 сәуірінде "Адалдық алаңы"жобасы аясында кітапхананың оқу залында қазақтың тұңғыш кәсіби балуаны, цирк әртісі Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған "Күш атасы - Қажымұқан" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

      Қажымұқан Мұңайтпасов 1871 жылы 7 сәуірде Ақмола облысының Қараөткел ауылында дүниеге келген. Француз күресі бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған алғашқы қазақ, бірнеше рет әлемдік, ресейлік, өңірлік, содан кейін ауыр салмақтылар арасындағы классикалық күрес бойынша жалпыодақтық чемпионаттарда жеңіске жетті.

 

11