Мемлекеттік рәміздер-Тәуелсіздіктің белгісі

        4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай, «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздіктің белгісі» атты патриоттық кеш өткізілді.

     Аталған іс-шара қаламыздың №2 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Мақсаты: қазақстандық патриотизм, қазақстандықтардың Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру. Іс-шара мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталды. Оқу бөлімінің кітапханашысы А.Ешжанова «ҚР Мемлекеттік рәміздері» және «ҚР мемлекеттік рәміздерінің қалыптастыру тарихы» жайлы қызықты ақпараттар берді. Кітап көремсі ұйымдастырылып еліміздің әр тарихи кезеңдеріндегі мемлекеттік рәміздердің тарихы жайында әдебиеттер қойылды.

 4 5 7

3