Парасат жолы-адалдықтан басталады
2021 жылдың 25 мамыр күні кітапханада «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында Приозерск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлім басшысы Рақыш Айдуман Қазбекұлымен «Парасат жолы-адалдықтан басталады» атты кездесу өткізілді.
Мақсаты: қоғамдағы парасаттылық идеологиясын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сананы адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сұхбат барысында Айдуман Қазбекұлы сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуының кедергісі, сыбайластық жемқорлық түбегейлі жойылу үшін қандай шара қолдану керек екендігі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күресудің жолдары жайлы өз пікірін білдіріп, «Парасат жолы» орталығының игі бастамалар мен жарқын істердің ұйытқысы болатынына сенім білдірді.
Сұхбатты жүргізуші сыбайлас жемқорлық туралы сұрақтар қойып, мағыналы әңгімелерімен жүйелі сұхбат қалыптастырды. Айта кетсек, «Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ, мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға бағытталған жоба.