«Діни экстремизм-рухани дағдарыс»
2022 жылдың 18 сәуір күні діни алауыздықты тудыруға бағытталған экстремистік әрекеттерді болдырмауға және терроризмнің таралуын алдын-алу мақсатында «Адалдық алаңы» жобасы аясында, «Парасат жолы» бұрышында «Діни экстремизм-рухани дағдарыс»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: экстремизм,терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру.
Тарих пәнінің мұғалімі Давлятярова Мария Баймуратовнаның жетекшілігімен, №2 мектептің 9-сынып оқушыларының қатысуымен өткізілген іс-шарада кітапханашы И.Талханбаева оқушыларға қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу туралы тың деректермен бөлісті. Шара соңында бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесі таныстырылды.