Сыбайлас жемқорлық-қауіпті індет
2021 жылдың 13 сәуір күні «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында кітапхананың оқу бөлімінде «Сыбайлас жемқорлық-қауіпті індет» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты: жастарға қоғамымыздың барлық саласына еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеті екенін түсіндіру. Сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, заңның, ар-намыс пен адалдықтың, беделдің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қажеттілігі сияқты ұғымдардың маңыздылығын сезіну. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық ұғымы, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы мәселелерді талқылады. Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта әзірленген бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.