Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлық  - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Осыған байланысты 2021 жылдың 28  маусым күні «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Көрменің мақсаты: Жемқорлықтың  пайда болу себептерін және қоғамға келтірілген зиянды түсіндіру  арқылы сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттыру.