Тарихта қалған тағдырлар

31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай  «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Тарихта қалған тағдырлар» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен  оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, оларды Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу.

Іс-шара барысында кітапханашы зұлмат жылдардың қазақ елінің басына әкелген қайғы-қасіретіне тоқталып, Алаш арыстарының жазықсыз жаламен репрессия құрбанына айналып, дөңгелек үстелдің маңыздылығына айрықша тоқталып өтті. Сонымен қатар, зұлмат жылдар жайында бейнесюжеттер көрсетіліп,  кітап  көрмесі ұйымдастырылды.

 

4 5 7