Тәуелсіздіктің мызғымас төл рәміздері

3 маусым күні «Адалдық алаңы» жобасы «Парасат жолы» бұрышында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай  «Тәуелсіздіктің мызғымас төл рәміздері» тақырыбында патриоттық кеш өткізді.  Мақсаты: жастарды  отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу;

    Мәдени шара барысында тәуелсіз елдің ұлттық нышандары, тәуелсіздікті білдіретін мемлекеттік рәміздердің тарихы жайлы мағлұматтар беріліп, қатысушыларға Ата заң, Ту, Әнұран, Гербтің символикалық айырым белгілері туралы түрлі сауалдар қойылып, қатысушылар белсенділікпен жауап берді.

     «Рәміздер- Тәуелсіздік тұмары» атты ұйымдастырылған кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.

305222 305221 30522