Тұғырлы тұлға
2021 жылдың 13 тамызында кітапханада, «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында журналист, жазушы, публицист, ақын, сыншы, ғалым Тұрсын Жұртбайдың 70 жылдығына орай «Тұғырлы тұлға» атты танымдық кеш өткізілді. Мақсаты: жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру;
Оқырмандар іс-шара барысында жазушының шығармаларымен танысып, өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында Тұрсын Жұртбайдың өмірі мен шығармашылық жолына арналған «Тұғырлы тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.