Ұлт денсаулығы-қоғам байлығы
2021 жылдың 17 маусым күні «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Ұлт денсаулығы-қоғам байлығы» тақырыбында қалалық аурухананың меңгерушісі Мондыбаева Гүлбаршын Қайроллақызымен кездесу өтті.
Мақсаты: сыбайлас жемқорлық ұғымы, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы мәселелерді талқылау. Кездесу қонағы тәлім-тәрбие, адалдық, ұлт саулығы тақырыбында әңгіме өрбітті. Кітапханашы А.Ешжанова бірқатар сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды.