Мәңгілік елдің ұлы тарихы – Қазақ хандығы

Қазақ хандығы – ұлы даламыздың тәуелсіздікке ұмтылған асқақ арманынан туған мемлекет. XV ғасырда Керей мен Жәнібек хандардың бастауымен құрылған хандық – бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның тарихи іргетасы.

        2025 жылдың 15 кыркүйек күні кітапхананың «Білім» орталығында Қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл толуына орай «Мәңгілік елдің ұлы тарихы – Қазақ хандығы» атты тарихи-ақпараттық кеш өткізілді. Мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихын насихаттау, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің маңызын түсіндіру.

       06708 әскери бөлім сарбаздарының қатысуымен өткізілген іс-шара барысында Қазақ хандығының тарихы мен маңызына шолу жасалып, бабалар аманаты – тәуелсіздіктің қадірі насихатталды. Сонымен қатар бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесіндегі тарихи әдебиеттерге шолу жасалды