Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес
Экстремизм (фр. extremisme, лат. extremus) -«шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді) — жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизм адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болды. Бұл ең алғашқы этаптары болып саналады. Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады. Лаңкесшілер дұрыс бағытқа жол көрсететін адамдардың кеңесіне мүлдем құлақ аспайды. Олар өздерін ең таза кіршіксіз деп санап, басқаның барлығын адасушыларға жатқызып, жөн білетін адамдарды мойындамайды. Міне, осының салдарынан әлемде түрлі төңкерістер мен қантөгістер орын алуда діни ортада пайда болган Экстремизм - діни Экстремизм деп аталады.
Ал, «Радикализм» латынның «radix» «түбір, тамыр» деген сөзінен шыққан. Термин саясатқа қатысты пайда болған. Радикализм – қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-саяси жүйемен келіспей, оны түбірімен қайта құруды ұсынушы саяси топтың көзқарасы. Сондай-ақ, діни радикализм тіркесі өзге де «діни фундаментализм», «діни фанатизм», «діни экстермизм» секілді лаңкестік әрекеттерге қатысты қолданыла бастады. Радикализм терминінің дінге қатысты қолданыла бастауы қоғамда қалыптасқан жүйемен келіспейтін дін атын жамылған топтардың пайда болуымен байланысты. Радикализмнің өмірдегі көріністері терроризм мен экстремизм, геноцид, этноцид, расизм болып табылады.
Терроризм қазіргі таңда әлем індеті. Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. "Террор" ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм ретінде "әлсіздің" тарапынан болатын (радикалды саяси оппозиция, экстремистік пиғылдағы ұлттық немесе діни азшылық, діни фанатиктер және т.б.) әрекет түсініледі. Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады.
Қазіргі таңда бірнеше мемлекетте заңсыз діни ұйымдар белсенді әрекет етуде. Ресми билік өкілдері мен әлемдік рухани конфессия көшбасшылары экстремисттік ұйымдарға, оларды насихаттайтын ұйымдарға ашық түрде соғыс жариялады. Біздің елімізде де дәстүрлі діни ұйымдардан басқа, 5000 ға жуық теріс ағымдағы діни ұйымдар бар.
Айта кететін болсақ, Ахмади ағымы (Ахмадилықты қабылдаған әр мұсылман кәпір. Жаназаларға кірмейді, бөлек жернеледі. Арақ ішу, апиын, героин қолдануға рұқсат береді.).
Исматуллашылар тобы ( Зікірді мұсылманшылықтың негізгі шарты деп біледі. Намаз оқымайды.).
Уаххабилік-діни-саяси ағым немесе салафизм (Бүгінгі заманнын озық тәсілдерін мойындамайды. Пайғамбар заманына кері оралуды мақсат етеді.).
Әт-Тәкфир уәл Хижра («Кәпірлерге» қарсы жиһад ұранын алға тартады.).
Бабизм-Бехаизм ( Құранды да Мұхаммед пайғамбарды да жоққа шығарады.).
Хизбут-Тахрир ( Саяси және діни сипаттағы экстремистік террорлық ағым.).
Иегова куәлары (Сиқырлау әдісін қолданады, ақырзаманнан кейін адамдар қайта тіріледі деп сендіреді.).
Халықаралық Кришна санасы қоғамы (Индустерге тән вегетариандық тамақтану, отбасынан ажырасып бөлек тұру, транс күйге түсіру бағдарламалар пайдаланады.).
Мормондар ( Міндетті түрде отбасын тастап, жұптарға бөлініп басқа қалаларға жұмыс жүргізеді,өлгендермен байланыс орнату рәсімдерімен айналысады.).
Оккультизм ( Тылсым күштердің, сиқырдың(магияның) құдіретіне сендіруге, жоққа табынушылыққа тырысады.).
Таблиғи жамағат (Пайғамбардың бесінші (Әт-Таблих) сипатының атын жамылып, өздерін Ислам дінің таратушысы етіп, ел арасында уағыз-насихат жүргізеді. Негізгі сүйінер дәйіктері –Құран мен хадис емес, қиссалар мен қияли әңгімелер.)
Осы айтылған теріс діни ағымдар туралы бейне баянымызды ұсынамыз.
Абайдың 19-шы қара сөзінде: Адам ата анадан туғанда есті болмайды; естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам, білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп, жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда оны адам десе болады.
Жолдаудағы «XXI ғасырдағы Қазақстандағы дін» атты бөлімінде Елбасы бұл саладағы түйткілді мәселелерге ерекше тоқталып өтті. Аталған стратегияның басты ерекшелігі-ұлттық және рухани құндылықтардың кеңінен қамтылуы. Елбасы дін мәселесіне ерекше мән беріп, бұл саладағы жауапты адамдарға тапсырмалады жүктеді. Өйткені соңғы кездері діни мәселелер ушығып, жат ағымдардың іс әрекеті ашық көріне бастады.
Соңғы кездегі террактық жарылыстарды еске түсіретін болсақ: Соңғы бір жылдың ішінде Туркия елінде лангестік ұйымдардың қолымен 33жарылыс болған. Соның бірі 2016 ж 13қаңтар айында Түркия елінің оңтүстік шығысындағы Диярбакыр провенциясында полиции бөлімшесінің ғимаратына кірер алдында сағат 23.30 шамасында болған жарылыс.
2015жыдың 16 қараша айында Франция елінің Париж қаласының бірнеше жерінде жарылыс болған.
Жолдауда соның бәріне тосқауыл қойылып, өзіміздің дәстүрлі Исламды, Әбу Ханифа мәзһабын дамыту керектігі айтылды. Себебі, біздің негізгі дініміз дәстүрлі таза-Ислам. Осы діннің елімізде өркендеуіне, дамуына жағдай жасауымыз керек. Ал орта жолдан қосылған сан түрлі ағымдарға үгіттейтін жат діндерді, олардың өкілдерін діни ортадан аулақ ұстауымыз керек. Қазір әлемде соғыс жүріп жатқан заман. Осы аласапыран заманда халқымыз адасып кетпей, өз салт-дәстүрін, ислам дінін берік ұстап қалуы күн өткен сайын өзекті мәселе болып тұр. Ал, діни сауатылығының аздығынан арбауға түсіп, сақал қойып, балақ қысқартып, тұмшаланып киіну сияқты әрекеттері бар . Бұл мұсылман қауымына жат әрекет. Алланың шапағаты онымен өлшенбейді. Өйткені Пайғамбарымыз: «Тақуалық, имандылық-жүректе» деп айтып кеткен. Әлемдегі ең ізгі дін - Ислам дінін қадірлеу, ата дәстүрін ардақтау мұсылман үмбетінің бір бөлігі. Ол- біздің дәстүріміз. Бірақ біз зайырлы мемлекетте өмір сүргендіктен, зайырлы қоғамның дәстүрлері бар екенін ұмытпауымыз керек. Еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылыққа тәрбиелей отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына жеткізу-бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті, ересектер парызы.