Кітапхана қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды

2021 жылдың  29 қазанында «Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тапсырыс аясында "Аманат" қоғамдық бастамалар орталығы" қоғамдық қорының теологы, Қарағанды қаласы "Қазыбек би" мешітінің бас имамы  Әбдірахман Ысқақ  , "Приозерск" қалалық мешітінің имамы, ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Давид Сейтқалиұлы қаламызда діни экстремизм және терроризмнің алдын алу тақырыбында  кітапхана  ұжымы арасында ақпараттық–түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

     Кездесу барысында қатысушылар өздерінің сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар алды.