Діни экстремизм мен терроризм
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – діни экстремизм мен терроризм тақырыбы. Осыған орай, 2019 жылдың 18 қараша күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Діни экстремизм мен терроризм» атты ақпараттық сағат өткізілді. Аталған іс-шараға №1 мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
Іс-шара барысында дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары, экстремизм, терроризм ұғымдары туралы айтылды. Жат діни ағымдар адам санасын улайтыны және осы арбаудан арылу жолдары туралы тереңінен түсіндіріліп, бейнекөрініс көрсетілді. «Діни экстремизм мен терроризм» атты кітап көрмесі жасақталып, оған библиографиялық шолу жасалды.