«Діни сауатсыздық-діни экстремизмнің бастауы»
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қоғамның әлеуметтік, экстремизмге теріс көзқарасын қалыптастыру, қоғамға қарсы ұйымдастырылған діни ағымдардан аулақ болуға тарту мақсатында, 2018 жылдың 20 маусым күні «Діни сауатсыздық-діни экстремизмнің бастауы » тақырыбы аясында әңгіме шолу өтті. Аталмыш іс-шараға Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің дін маманы Құрманғожин Бектур Уахитович және «Жасыл ел» еңбек жасақтары шақырылды.
Мақсаты: Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.
Шара барысында кітапханашы Жанна Досмуратова «Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес» атты бейнероликпен таныстырды. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің дін маманы Құрманғожин Бектур Уахитович, өскелең ұрпаққа теріс діни ағымдардан төнетін қауіп-қатер жайында баяндама оқыды. Жастар өздерін толғандырып жүрген, сұрақтарын қойып, өздеріне мол ақпарат алды.
Шара соңында кітапханашы «Адастырар жол-діни экстремизм» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.