Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қоғамның әлеуметтік, экстремизмге теріс көзқарасын қалыптастыру, қоғамға қарсы ұйымдастырылған діни ағымдардан аулақ болуға тарту мақсатында, 2018 жылдың 16 қараша күні «Экстремизм және терроризмге қарсы күрес» атты дәріс сабағы өтті. Іс-шараға №1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Оқушыларға экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері,себептері мен зардаптарын ұғындыру. Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.
Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады..Іс-шара барысында «Терроризм және діни экстремизм» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Кітапханашы Ж.Досмуратова «Экстремизм мен терроризм» атты кітап көрмесіне шолу жасады.