Терроризмге жол жоқ
2026 жылдың 10 шілде терроризмге қарсы күрес күніне орай кітапханада «Терроризмге жол жоқ» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: терроризм мен экстремизм туралы құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың қоғамға тигізетін зардаптарын түсіндіру. Кітапханашы терроризм мен экстремизмнің қазіргі қоғам үшін аса қауіпті құбылыстар екеніне тоқталып, терроризмнің себептері мен салдары, оның адам өмірі мен қоғам қауіпсіздігіне тигізетін кері әсері туралы мағлұмат берді. Іс-шара соңында кітапханашы тақырыпқа сай ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасап, терроризм мен экстремизмнің алдын алу, құқықтық тәрбие және қоғамдық қауіпсіздікке арналған әдебиеттермен таныстырды.