Терроризм- бейбітшілікке төнген қауіп
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қоғамның әлеуметтік, экстремизмге теріс көзқарасын қалыптастыру, қоғамға қарсы ұйымдастырылған діни ағымдардан аулақ болуға тарту мақсатында, 2019 жылдың 18 қыркүйек күні «Терроризм- бейбітшілікке төнген қауіп» тақырыбы аясында ақпараттық сағат өтті. Іс-шараға № 1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
Шара барысында кітапханашы Жанна Досмуратова «Терроризм-бейбітшілікке төнген қауіп» атты бейнероликпен таныстырды. Жастар өздерін толғандырып жүрген, сұрақтарын қойып, өздеріне мол ақпарат алды. Шара соңында кітапханашы «Адастырар жол-діни экстремизм» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.