Лаңкестік – әлем қаупі

2019 жылдың 15 маусымында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ оқу бөлімінде Нұрлы білім диструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының теологы және Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дін маманы Құрманғожин Бектұр Уахитовичтің қатысуымен «Лаңкестік – әлем қаупі» атты әңгіме шолу өткізілді. Шара барысында  мамандар терроризмнің  даму тарихымен таныстырды. Террорлық актілер жасалған Ресей, АҚШ, Сирия сияқты ірі мемлекеттердің халықаралық терроризмнің  құрбандары болғаны жайлы  мысал келтіре отырып әңгімелеп берді.

Іс-шара барысында «Лаңкестік – әлем қаупі» атты кітап көрмесі рәсімделді.

IMG_9621 IMG_9623 IMG_9633