Әл-Фараби-шығыстың ғұлама ғалымы.
2020 жылдың 10 желтоқсан күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Түркі әлемінің генезисі" жобасы аясында "Әл-Фараби-шығыстың ғұлама ғалымы" атты тарихи-танымдық сағат өтті.
Мақсаты: Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау. Әбу Насыр Әл Фараби өмірімен таныстыру және ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы әңгімелеу. Спикер: оқу бөлімінің кітапханашысы А.Ешжанова ғалымның өмірбаяны мен өскен ортасы, еңбектері жайлы мағлұматтар айтып өтті. Ғалымның еңбектерінін кітап көрмесі ұйымдастырылды.