Білім көзі – кітапта
2019 жылдың 26 қыркүйек күні қалалық кітапханада балаларды кітап оқуға тарту және қызығушылығын арттыру мақсатында №2 мектеп 4В,4Г сынып оқушыларының қатысуымен саяхат өткізілді. Саяхатқа 56 оқушы қатысты.
Балалар бөлімінің оқу залында кітапханашылар кітапханаға жазылу жолдарын айтып, балалардың назарына жаңа кітаптар ұсынды: Қазақ және әлем халықтары ертегілері, Қазақ мақал-мәтелдері «Алтын жинағы», Е.Каменова «Кемпірқосақтың түсі қандай», комикстер: «Человек-паук», «Дорожная ярость», «Зеленый фонарь», Дж.К. Роулинг «Гарри Поттер», «Батырлар туралы ертегілер», «Жан-жануарлармәлемі», «Қазақстан» және т.б кітаптар. Ертегі мен өлең айтатын музыкалық кітаптар балалардың ерекше қызығушылығын оятты.
Кітаптармен танысып болған соң балалар «Білім орталығында» экология жайлы мультфильмдер мен роликтер көрді.