« Елі сүйген Қадыр ақын».

Ақын, жазушы Қадыр Мырзалиевтің 85 жылдығына арналған «Қазақтың Қадыры» республикалық онкүндігінің аясында  2020 жылдың 6 қаңтар күні балалар кітапханасында «Елі сүйген Қадыр ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

Шараның мақсаты - әдебиет сүйер қауымға ақынның өлең жырларымен таныстырып, шығармаларын жетік меңгеру. Дарындылықты, ақындықты қастерлеуге тәрбиелеу.

Қазіргі таңда ақынның өлеңдерін білмейтін адам кемде кем шығар. Қадыр ақынды оқи бересің, ойлана түсесің. Кітап көрмені тамашалап келген оқырмандар ақынның «Өлеңдер», «Таңдамалы шығармалар», «Көкейкесті» кітаптарымен танысты. Көрмеге ақынның кітаптары мен мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген мақалалар қойылды.

a952a154-aaf3-44d3-b667-8a5bfbd66b07   f28f7bea-84c7-4295-ba5f-f9dca5f0008a

f1ee1695-9e07-44d7-b6f2-c6563397b6f1