Біздің балалық шағымыздың кітабы
Бүгін, яғни 2019 жылдың 10 сәуірінде балалар кітабының апталығы өзінің үшінші күнін «Біздің балалық шағымыздың кітабы» атты ойын-байқаумен жалғастырды. Іс-шараға қазақ және орыс сыныбының 4 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге қатысты. Іс –шараның мақсаты оқырмандарымызды ата-әжелерімен, әке-шешелерінің кезеңінде оқылған атақты жазушылардың шығармаларымен тағы да бір қауыштыру. Мысалы М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым, Қожа» кітабы, Алдаркөсе, Қожанасыр сынды әдеби кейіпкерлер тағы басқалар.
Адам балалық шағында қаншалықты көп оқыса, есейгенде соншалықты бай болады. М.Цицерон «Кітабы жоқ үй жаны жоқ дене сияқты», — деген екен. Ғалымдарға сенсек, бұл сөйлемді рухани байлыққа ғана қатысты емес, материалды байлыққа да қатыстыруға болады екен: итальяндық экономистер балалық шақтағы кітапқұмарлық пен есейгендегі әл-ауқат тығыз байланыста екенін дәлелдеген. Баланың миын кітаптан асып, ештеңе дамыта алмайды, себебі әдебиет ойлау процессін дамытатын бірден-бір құрал.
Сондықтан ересек кезде логикалық ойлай алу қабілеті мен зейін қою бала кезде оқыған кітаптардың санына байланысты. Және оқуға деген құштарлығын арттыру – оған жасаған үлкен сыйымыз.