Ағайынбыз бәріміз

           

2019 жылдың 29 сәуірінде «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-ның балалар бөлімінде «Ағайынбыз бәріміз» атты достық сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандардың   көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы  танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиелеу. Достық, ынтымақ сөздерінің маңыздылығын түсіндіру. Сыйластық, татулық туралы түсініктерін кеңейту.

Іс –шара барысында тақырыптық көрмемен таныстырып, библиограф М.Айтжанова жаңадан келіп түскен кітаптар мен мерзімді басылымдарға шолу жасады. Көрмеге оқырмандарымыз салған халықтар достығы бейнеленген суреттер қойылып, «Досыңды тап» атты дидактикалық ойын ойнатылды.  Соңында дөңгелене  «Достық шеңберін» құрып, достық жайлы ән шырқалды.

Әрбір адам үшін дүниедегі ең қасиетті де киелі ұғым – Отан. Шынында да солай.  Адам жүрексіз өмір сүре алмайтынындай, ешуақытта Отансыз өмір сүре алмайды.  «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» демекші  адамның барлық тіршілік-тынысы өз Отанымен тікелей байланысты әрі сабақтас.
            Иә, бүгін біз үшін Отаннан артық ұлы ұғым жоқ. Елімізде мекендейтін барлық халық өкілдері ынтымақ пен достық туын жоғары ұстап келеді. Әрі қарай да бірлігіміз нығайып,  мемлекетіміздің тұғыры биіктей берсін!

 WhatsApp Image 2019-04-30 at 12.32.09 WhatsApp Image 2019-04-30 at 12.32.10