«Қадыр Мырза Әлі-қазақ поэзиясының пырағы»

2020 жылдың 10 қаңтарында ақын, жазушыҚадір Мырза Әлінің 85 жылдығына арналған республикалық декада аясында   «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар кітапханасында  « Қадыр Мырза Әлі – қазақ поэзиясының пырағы» атты мәнерлеп оқу шарасы өтті. Шараға 8-9  сынып оқушылары қатысты.

     Мақсаты: оқушыларды ақын Қадыр Мырза Әлі шығармашылығымен таныстырып, ақын өлеңдері арқылы шәкірт жүрегіне поэзияны сүюге, мәні мен мазмұнына тоқталып, мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру, рухани танымын кеңейту.

       Қадыр Мырза Әли – әлемдік аренаға шыққан, қазақ поэзиясының көкжиегін кеңейтіп, мазмұнын сапаландыруға, көркемдік деңгейін биіктетіп, мәртебесін көтеруге айрықша еңбек сіңірген, «Қазақтың Қадыры» деп танылып, халкы ардақтаған бірегей тұлға, ерекше дарын иесі. Кітапханашы балаларды ақынның өмірі мен шығармашылығынан таныстырды. Балалар ақынның :«Ұшыраған адамдай нақ бір сынға», «Қайтесің , дос, біреулерге өшігіп», «Тағы да қазақтар қақында», «Асау» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.Кітап көрмесі ұйымдастырылып, балалар ақынның кітаптарымен жақын танысты.

 

3a447912-0009-4d6f-8513-d07523736403 3f44e752-c8ee-40a1-945d-3eb1f4d5c052 652d0016-3232-4a25-8f39-a7faecdbde47 a1af577d-dc55-48d4-aab4-bda1efe64a6f bcd957e4-b58d-4705-a3db-7d8497d6ce08