Алаштың ардақтысы
2021 жылдың 2 наурыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінің ұйымдастыруымен ғалым, мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясының көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай «Алаштың ардақтысы» атты тарихи сағат өтті. Іс-шараның мақсаты: Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхановты таныстыра отырып, Қазақ автономиясының құрылуын насихаттау, тәуелсіздігімізді айқындау, шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру. Кітапханашы Ж.Кулмишева Алаш партиясының бірінші төрағасы Әлихан Бөкейханов туралы жан – жақты түсінік бере отырып, Ә. Бөкейхановтың қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі туралы айтып өтті. «Алаштың ардақтысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Алаштың ардақтысы бола білген Әлихан –қазақ жүрегінде жеке-дара тұлға болып қала бермек.