Алғыс айту-парызымыз
2019 жылдың 27 ақпанында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 1наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту парызымыз» атты тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының басты мақсаты оқырмандардың «алғыс айту», «сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту; сонымен қоса көпұлтты мемлекетімізде татулық пен бірлікті нығайту; үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру; үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Іс-шараға №2 мектептің 4 сынып оқушылары арнайы шақырылған болатын. Шара барысында оқырмандармен бірге «Алғыс гүлі- Цветок мира и благодарности» атты ойын ұйымдастырылған болатын. Ойынға оқырмандарымыз белсене атсалысты. Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелейтін, көкейлеріне түрлі ой салатын бейнероликтер көрсетілді. Қойылған әрбір сұраққа нақты әрі саналы түрде жауап берулері арқылы оқушылар өздерінің білімді екендіктерін танытты. Осындай бетті, шыншыл, өз ойларын толық жеткізе алатын ұрпақты тәрбиелеп жатқан ұстаздарына үлкен алғысымызды білдірдік.
Соңында келген оқырманға кітап көрмесі таныстырылды. Көрмеге қазақстанда өмір сүретін ұлттардың тілінде жазылған халық ертегілері мен орыс халқының аяққа киетін «лапти», ағаш қасықтар, кесетеленіп тоқылған бұйымдары мен қоса ұлттық орамалы қойылды.
Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Жарқын болашақ үшін күреске атсалысу баршамыздың міндетіміз.
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ. Біз көп ұлтты халықпыз сондықтан татулықты сақтап, бір бірлерімізге сыйластық таныту басты құндылық екенің ұмытпауымыз керек! Біздің бейбіт елде өмір сүруіміздің өзі осы татулық пен достықтың арқасында.