Алғыс-адамзаттың жақсылығы
2026 жылдың 2 наурыз күні балалар кітапханасы Алғыс айту күніне орай «Алғыс-адамзаттың жақсылығы» атты танымдық кеш өткізді. Іс-шараның мақсаты: Жас оқырмандардың бойына мейірімділік, қамқорлық, ризашылық сезімдерін сіңіру; Алғыс айту күні мерекесінің маңызын балаларға түсіндіру.
Шараны кітапханашы ашып, Алғыс айту күнінің шығу тарихы мен тәрбиелік мәні туралы қарапайым әрі түсінікті тілде әңгімеледі. Балалар алғыс туралы тақпақтар айтып, жүрекжарды тілектерін білдірді. «Кімге алғыс айтқым келеді?» атты еркін пікір алаңында оқушылар ата-аналарына, ұстаздарына, достарына алғыс сөздерін арнады. Сонымен қатар: «Мейірімді жүрек» атты шағын ойын өткізілді. Жылы лебіздер жазылған жүрекшелерден «Алғыс тақтасы» құрастырылды. Кітап көрмесіне шолу жасалып, мейірімділік тақырыбындағы кітаптар таныстырылды. Шара барысында балалар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізді. Кеш соңында алғыс айту – адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі екені айтылды. Балалар бір-біріне жылы сөз айтып, жақсы көңіл күймен тарқасты. «Алғыс – адамзаттың жақсылығы» танымдық кеші жас оқырмандардың жүрегіне мейірім мен ризашылық сезімін ұялатты.






